«Астана» Қазақстан чемпионы атағын қорғауды бастайды

14.10.2019, 08:00    Оқылғаны: 454
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы Ұлттық лиганың жаңа маусымдағы алғашқы қосарланған ойындарын түзде Ақтаудың «Каспий» клубымен өткізеді.

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Ақтау қаласынан. 2008 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Қазақстан маманы Евгений Исаков – міне, төртінші маусым Ақтау командасының жаттықтырушылары құрамында. Бірақ оны үшінші маусым ғана басқарып келеді. «Каспий» құрамының негізгі бөлігін екінші маусым қатарынан жергілікті жастар құрайды. Маусым аралығында командадан екі америкалық легионері кетіп қалды – Шон Джордж және Сиджей Картер. Бұл екеуі команданың негізгі қозғалтқыш күші болған еді. Есесіне, ресейлік орталық шеп ойыншысы Денис Орленко каспийліктермен өз келісімшартын ұзартты.

Кездесулер тарихы: Осы уақытқа дейін, Ұлттық лига мен Қазақстан кубогы додаларында, «Астана» «Кспиймен» 57 рет кездесті. Бұлардың ішіндегі үш матчта ғана ақтаулықтар «сары-көкшіл» түстілерден айлаларын асыра алды. 2014/2015 жылдар маусымында ойындар күнтізбесінің тығыздығына байланысты, Ақтауға «Астананың» фарм-клубы барған болатын. Сол жолы олар «Каспийден» екі рет ұтылып қалған. Ал 2015/2016 жылдар маусымында ақтаулықтар «Астананың» негізгі құрамын ұтып кетті.

Турнир кестесіндегі жағдай: «Астана» үшін бұл Ұлттық лигадағы алғашқы ойындар болады. Ал «Каспий» болса, жақында «Тобылмен» екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіліске ұшырады.

Қызықты деректер:
  • «Каспий» «Астанадан» басым түскен үш ойында да олардың жаттықтырушылары алқасын Михаил Карпенко басқарған. Содан кейін ол астана клубының бапкерлері құрамына жетекшілік етті.
  • «Астананың» қазіргі ойыншылары Роберт Пан мен Вадим Щербак – ақтау клубының түлектері.

«Астана» бұл маусымда чемпиондық атағын тағы да қорғап шығуға тырысады. Әрі «Каспий» клубымен өтетін алғашқы ойындарда шүбәсіз фаворит болып саналады.

Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері и состоятся – 15 және 16 қазанда Ақтаудағы «Батыр» спорт кешені аренасында өтеді.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»