Роберт Лоури: «Қазақстан құрамасында ойнауым да мүмкін…»

14.03.2017, 13:00    Оқылғаны: 1746
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
«Астана» клубының қорғаушысы Роберт Лоури – шашы өрілген әрі ұзын, жалпы биылғы маусымдағы ең көрнекті ойыншылардың бірі. Бізге берген сұхбатында Қазақстан құрамасының намысын қорғауы мүмкін екендігін де жоққа шығармады, сондай-ақ карьерасын аяқтаған соң қандай іспен айналысуы мүмкін екендігін де жасырған жоқ.

– Бұған дейін «Астана» өз алаңында ешбір клубқа оңайшылықпен дес бермейтін команда еді, биылғы маусымда түзде де жеңіске жете бастады. Мұның сыры неде?
– Биылғы маусымда «Астананың» құрамы толықтай дерлік жаңарды, қазір мүлде басқа команда, көшбасшылары да өзгерген. Ұжымға жігерлі жігіттер жиналды, олар қайда ойнаса да, үйде де, түзде де, тек жеңіске жетуді көздейді. Сіз айтып отырған мәселенің сыры, дәл осы жеңімпаздық менталитетте деп ойлаймын.

– Бір сұхбатыңызда «Астанаға» сізді шақырған бас бапкеріңіз екенін айттыңыз. Илиас Папатеодору – сіздің карьераңыздағы басты ұстазыңыз деуге бола ма?
– Иә, шындығы сол, мені командаға Илиас Папатеодору шақырды. Ара-қатынасымыз жақсы, біз көптен бері таныспыз. Өз карьерамдағы ең басты ұстаздарым ретінде оны және «Локо» бапкері Саша Обрадовичті атар едім, мен онымен немістің «Альба» командасында бірге жұмыс жасағанмын.

– Сіздерде Иан Миллермен және «Астанның» басқа да көшбасшыларымен міндеттемелеріңіз қалай бөлінген?
– Нақты бөлінген міндеттемелер жоқ, әрине. Біз – командамыз. Біздің мақсатымыз ортақ – «Астананы» жеңіске жеткізу, тиімді және көпшіліктің көңілінен шығар ойын өрнегін көрсету, сондай-ақ әркім өзіне және бір-бірімізге жауапты болу.

«Енисейді» есеңгіреткен «баззеріңіз» – биылғы маусымдағы ең тамаша ойын сәттерінің бірі. Мұны кейдейсоқ соққы деушілер де көп, сіз мұнымен келісесіз бе?
– О-о, бұл айтып жеткізгісіз сезім. Әрине, мұндай соққыны орындағанда, сәті түсіп, ойдағыдай болып шығуының да маңызы зор. Дегенмен, осындай соққыларды алыстан лақтырып, шүмектетіп тер төгіп, жалықпай жаттыға берсең, “нысанаға” дөп түсіруің сирек болмайды.
 

Бұған дейін «Астанның» нағыз батыры америкалық Джерри Джонсон болатын. Сіз оны білесіз бе? Ол тіпті Қазақстан азаматтығын да алған. Сіздің ондай ойыңыз жоқ па?
– Джерри Джонсонмен жақсы таныс емеспін, бірақ 2-3 жыл бұрын ВЭФ командасының сапында өнер көрсетіп жүргенімде, оған қарсы ойнағанмын. Ал азаматтық мәселесіне келер болсақ, мен Қазақстан құрамасының сапында да ойнап қалуым мүмкін екендігін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл жайлы артынан ойлаймын, қазіргі бар ойым – биылғы маусым, ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысына шығу. 

Егер «Астана» дәл қазіргі шарттарымен келісімшартты ұзартуға ұсыныс жасаса, келісесіз бе? Әлде одан да ұтымды ұсыныстарды қарастырасыз ба, мәселен Ресейден?
– Карьерамды қайда жалғастыру керектігін ойлайтын уақыт қашан келеді, міне, сонда өзімнің де, отбасымның да көңілінен шығатын әр түрлі ұсыныстырды қарастыратын боламын. Ал дәл қазір мен «Астанада» бақыттымын, маған қала да, адамдары да, команда менеджменті де ұнайды. Бәрі де тамаша!



Сіздің әуесқойлығыңыз – татуировкалар…
– Иә, мен мектепе жоғары сыныпта оқығаннан бері татуировкаларға қызығамын. Бұл өз ойымды білдіру тәсілі болды. Дәл қазір менің денемде 20-дан астам татуировкалар бар. Айтпағым, бұл соңы емес.

Сіздің екі жоғары біліміңіз бар. Баскетболдағы өміріңіздің қиын-қыстау сәттерінде, бәрін де тастап, өз мамандығыңыз бойыншы жұмыс жасағыңыз келген кездеріңіз болған жоқ па?
– Баскетболда бәрі де тәп-тәуір үйлесіп келеді, сондықтан менің бар ой-жігерімен оған берілгенмін. Ал карьерамды аяқтаған соң басқасын да көруге болады. Мәселен, баскетбол ойындары мен басқа да спорттық оқиғалардың бейне таратылымымен айналысуға әбден болады.



– Сіздің тағы бір әуестігіңіз – спорттық аяқ-киімдер, қай брендті ұнатасыз?
– Менің ұнататыным, ол – Jordan, спорттық аяқ-киімдердің ішіндегі ең сүйікті маркам. Сонымен қатар, маған Nike те ұнайды. Негізі, Jordan мен Nike – екеуі бірдей ғой, былайша айтқанда.

Сіз Боб Марлиді естідіңіз бе? Сіз оған ұқсайтын сияқтысыз.
– Иә, мен Боб Марлидің фанатымын! Оның музыкаларын жақсы көремін, оның әуендері мені шабыттандыра түседі. Ол үлкен адам болған, көбісі оған ұқсағылары келген. Қызықты, әрине, мені оған ұқсататындары, бірақ біздің шаш үлгіміз ғана ұқсайды.

Қазір әлеуметік желілердің заманы, ВТБ Бірыңғай лигасы жанкүйерлері үшін тікелей эфирден хабар таратқыңыз келмей ме?
– Менде анда-санда Инстаграмда тікелей эфир жүргіземін. Маған жазылған жанкүйерлер өздерін көкейлеріндегі сауалдарын жазып жібере алады. Ендеше, келесі тікелей эфирге дейін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»