Риганың ВЭФ клубы жолдастық кездесуде «Астананы» ұтып кетті

25.09.2019, 10:00    Оқылғаны: 52
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Латвияның ВЭФ клубы қазақстандық баскетбол жанкүйерлеріне ежелден таныс. «Астана» маусым аралығындағы соңғы жолдастық кездесулерінің бірін дәл осы командамен өткізді.

ВЭФ клубының тарихы өте бай, бұл команда сонау 1958 жылы құрылған. Сол, 58-жылдан 91-жылға дейін тұрақты түрде ірі додаларға қатысқан және үш рет КСРО-ның қола жүлдегері атанған. 1992 жылы команда тарап кеткен. Содан, Рига ұжымы 15 жылдан кейін ғана қайтадан алаңға шыққан. Бұл 2007 жылы жүзеге асқан. Өзінің жаңа тарихында ВЭФ 6 мәрте Латвия чемпионы болды. Балтық лигасында ригалықтар 1 рет күміс медаль еншіледі – 2010/2011 жылдар маусымында. Сонымен қатар, бірнеше рет Еуропа кубогына қатысты. ВТБ Бірыңғай лигасында басынан бері қатысып жүрген кәнігі командалардың бірі болды. Осы уақыт аралығында төрт рет ширек финалға шықты. Өкінішке қарай, ВЭФ биыл ВТБ Бірыңғай лигасы додасына қатыспайды. Латвия командасы «Астанамен» 17 рет кездесті. Бұл ойындардың бәрі де ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясында өтті. 2012/2013 жылдар маусымында тағдыр оларды ширек финалда жолықтырды. «Астана» мен ВЭФ арасындағы матчтар ылғи да тартысты өтіп отырды. Мұны екеуара кездесулердің қорытындысынан да сезуге болады. Бұл ретте, Латвия командасының бір ғана жеңісі артық – 9:8.
  
Бұл жолғы кездесу де шектен тыс тартысты өтті. Матчтың бес минутынан кейін біздің қарсыластарымыз сәл ғана басымдықпен алда тұрды. Алайда бірінші кезең аяқталғанда, «Астана» үш ұпай айырмасымен алға шықты. Екінші онминуттықта тең дәрежеде өттті. Бұл кезеңнің аяқталуына бес минут қалғанда «Астана» алты ұпай айырмасымен алға озған, бірақ ойынның 20 минутынан кейін ВЭФ есеп айырмасын небәрі 2 ұпайға дейін қысқартты. Үшінші кезеңде ВЭФ алға шықты, бірақ соңғы кезеңге дейін «Астана» 2 ұпай басымдығына қайта қол жеткізді. Әйткенмен, соңғы 10 минутта Латвия ұжымы таразы басын өздеріне қарай аударып, жеңіске жетті – 84:77 (21:24, 17:16, 24:24, 22:13).

Джеремая Хилл бұл ойында 20 ұпай еншіледі, 3 рет қайтқан допты қағып алды және 5 пас берді; Малкольм Хилл өз еншісіне 16 ұпай жазып, 3 рет доп қағып алды және 6 пас берді; Коти Кларк бұл матчта 13 ұпай еншілеп, 4 рет шығыршықтан қайтқан допты қағып алды.
«Астана» ПБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі және нәтижелері:
  • 7 қыркүйек — «СиБет» БК — 74:75
  • 9 қыркүйек — «Химки» БК — 88:81
  • 12 қыркүйек — «Нептунас» БК — 79:79
  • 14 қыркүйек — «Лиепая» БК — 73:107
  • 17 қыркүйек — «Ритас» БК — 100:76
  • 19 қыркүйек — «Автодор» БК — 106:83
  • 24 қыркүйек — «ВЭФ» БК — 84:77
  • 28 қыркүйек — «Куршяй» БК


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

"Самұрық-Қазына Траст" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры