30 қыркүйек – «Астананың» медиа-күні

25.09.2019, 18:00    Оқылғаны: 370
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Дүйсенбі күні, 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында, «Астана» Президенттік баскетбол клубының жаңа маусым қарсаңындағы Медиа-күні өтеді. Басталуы – астана уақытымен 14:00-де.

Медиа күн – бұл ойыншылар мен жаттықтырушылар алқасының әр клуб пен ВТБ Бірыңғай лигасының сайттарындағы профайлы үшін суретке түсетін ресми рәсімі ғана емес, креатив үшін замануи кеңістік, сондай-ақ дәстүрлі фотосессия барысында басқа клубтармен творчестволық тұрғыда сайысқа түсу және көңіл көтеру. Мұнда соны және тың идеялар ортаға салынады, тіпті баскетбол жабдықтарын бейқалыпты жағдайда қолданудан бастап, Медиа күнді тақырыптық шүйіркелесу ұйымдастырумен түйіндеуге де ұласады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» өткен маусымда өзінің Медиа күнін ұлттық нақышта өткізген – ойыншылар қазақтың ұлттық шапанын киіп суретке түсіп, домбыра тартқан, ал кейбіреулері садақ және шоқпар асынып алған да болатын. 2019/2020 маусымының Медиа күні қалай өтетіні тек 30 қыркүйек күні белгілі болады.

Астана командасының жанкүйерлері биылғы Медиа-күн шараларын клубтың әлеуметтік желідегі Instagram парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Ал сүйікті командаларыңызбен маусым қарсаңындағы Тұсау кесер кешімізде жүздесе аласыздар. Сонымен қатар, маусымдық абонементтер сатып алған жанкүйерлерімізді жағымды тосын сый күтіп тұр. Толық ақпараттар алдағы уақытта жарияланады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»