Туған күніңізбен, Эмиль Райкович!

11.09.2019, 08:00    Оқылғаны: 992
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубының ұжымы команданың бас бапкері Эмиль Райковичті туған күнімен құттықтайды!

Эмиль Райкович — тамаша жаттықтырушы, білікті бапкер, өз ісінің шебері және нағыз ұстаз! Барлық күш-жігеріңізді жұмсап, өз іліміңізді шәкірттеріңізге сіңіруге тырысқан еңбегіңіз бен төккен теріңіз үшін Сізге рахмет. Олар чемпион болып, сізді одан әрі жігерлендіре түссін.

Біз тек жеңіс күтеміз: доп додаларынан, жаңа белестерді бағындырудан, рекордтар жаңартып, өз мүмкіндіктерімізге көз жеткізе беруден. Жеңілістің кермек дәмін татпай, тек арман алға жетелеп, өрлей беріңіз. Өзіңіздің өнегелі еңбегіңізге шаттанып, одан ләззат ала беруіңізге тілектеспіз. Зор денсаулық, талмас қанат, қажымас қайрат тілейміз. Туған күніңізбен! Барлық кәсіби жоғары жетістіктер мен жеке мақсаттарыңызға қол жеткізіңіз, ал жоспарларыңыз орындала берсін. Әрқашанда Сіздің және командаңыздың асығы алшысынан түсіп, есебіңіз түгел болсын!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»