БАҚ өкілдерін 2019/20 маусымына тіркеу

02.09.2019, 08:00    Оқылғаны: 18
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы БАҚ өкілдерін 2019/20 жылдар маусымындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық лигасының және ВТБ Бірңғай лигасының өз алаңымызда өтетін ойындарына тіркеуді бастайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестік – астана клубының басым бағытты қызметі. Бірлесе атқарған құрылымдық жұмыстардың арқасында біз командамыздың өміріндегі барлық оқиғаларды тартымды түрде жариялап отырмай, тіпті Қазақстан баскетболының дамуына өз үлесімізді қосамыз. Біз БАҚ өкілдерімен ынтымақтастықта болуға қуаныштымыз және сіздердің жұмыстарыңызға көмек көрсетуге дайынбыз.   

Тіркеу тәртібі:
  • Тіркеу куәліктерін беру алдын-ала жолданған өтінімдер бойынша жүзеге асырылады. Ал бұл өтініштерді клубтың баспасөз қызметіне 2019 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жіберу керек.
  • Тіркеуге өтінім жолдаған журналистердің бәрі 3х4 портреттік фотосының электронды нұсқасын да жіберулері керек. Өтінім беру үлгісін мына сілтеме арқылы көшіріп алуға болады.  
  • Тіркеу өтінімін елорда клубы баспасөз қызметінің электронды поштасына жолдау қажет – pr-pbcastana@mail.ru. Тіркеу карталарын беру 1 қазан күні жүзеге асырылады.

«Астана»ПБК баспасөз қызметімен байланыс:

Пресс-атташе – Шыңғыс Түсіпбаев
Телефон: +7 775 888 66 65
e-mail: pr-pbcastana@mail.ru

Бас серіктесіміз — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Әлеуметтік серіктесіміз — «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.