Маусымға рақмет!

05.06.2019, 08:00    Оқылғаны: 608
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы биылғы маусым үшін баршаңызға көптен-көп алғыс білдіреді!

Биылғы маусымда біздің команда өзін тату тәтті және жанкешті ұжым ретінде сомдай білді. Біздің мақсатымыз бір еді, әрі біз оған тізе қоса қадам бастық. Биылғы маусым клуб тарихындағы ең табыстысы болды. Әрі чемпиондық атағымыз бойынша еліміздегі теңдессіз команда болдық. Иә, қателіктеріміз де болды, бірақ оны түзеп, одан әрі және алға қарй жылжыдық. Әр ойынның әрбір секундында, алаңның әрбір сантиметрінде аянбай, соңына дейін шайқастық. Жігіттер шүмектетіп тер төгіп, ерінбей жаттықты және әрбір ойында бар күш-жігерлерін салды!



Біз әрбір ойыншыларымызға алғыс білдіреміз. Легионерлердің бәріне – Стефен Холтқа, Майкл Дженкинске, Джей-Джей О'Брайенге, Кеннет Хортонға және Джеффри Гроселлге команда мен жалпы Қазақстан баскетболының дамуына тың шабыт және зор үлес қосқандары үшін көп рахмет. Сіздердің спорттық мансаптарыңыз бен жетістіктеріңіздің одан әрі өркендей беруіне тілектеспіз. Өзіміздің ойыншыларымызға да – команданың тұрақты капитаны Рустам Ерғалиға, Рустам Мырзағалиевке, Александр Жигулинге, Максим Марчукке, Дмитрий Гавриловқа және Вадим Щербакқа, жаңа ойыншыларымыз Руслан Айтқалиға, Асқар Майдекинге, Исмаил Бимендинге, әрине біздің елдің азаматтығын алған Энтони Клеммонсқа көп рахмет. Енді алаңсыз демалып жаңа маусым дайындығына дейін күш-қуаттарыңызды толықтырып келулеріңізге тілектеспіз.

Біз жаттықтырушылар құрамы мен команда қызметкерлеріне де алғыс білдіреміз. Бас бапкер Эмиль Райковичке, жаттықтырушылар Ренатас Курилионокасқа, Марко Величковичке және Сашо Тодоровскийге биылғы ең табысты маусым үшін рахмет. Біздің жігіттерді жарақаттанып қалудан сақтап, спорттық баптарын жоғалтып алмауларына ықпал еткен дәрігер Данияр Қуанышев пен массажшы Темірлан Батырғалиевке рахмет. Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінде атқарған жұмысы үшін Ренатас Курилионокасқа бөле-жара алғыс білдіреміз. Эмиль Райковичті келісімшартты ұзартуымен құттықтаймыз, одан әрі де жемісті еңбек етіп, жаңа мақсаттарға қол жеткізе беруіне тілектеспіз.

Біз клубтың барлық қызметкерлері мен басшыларына, сондай-ақ серіктестерімізге барлық жұмыстардың үйлесімді түрде жүзеге асырылғаны үшін және біздің клуб пен команданың дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс білдіреміз. Онсыз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес еді.



Құрметті жанкүйерлер, біз ешқашан да кім үшін ойнайтынымызды есімізден шығармаймыз. Ал сіздердің қолдау көрсетулеріңіз бізге қандай қиындықтар болсын, бәрін де бағындыруға күш береді. Жеңіске жетсек те, сәтсіздікке ұшырасақ та, сіздер үнемі бізбен біргесіздер. Әрбір ойында біз сіздердің қолдау көрсетіп отырғандарыңызды сеземіз. Әрі ешқашан жеке қалмайтынымызды білеміз. Сол үшін сіздерге рахмет! Биылғы маусым үшін рахмет сіздерге, құрметті жанкүйерлер! Команданы қамшылап, алға итермелеп, құлақ тұндыра қиқу салып, қажетті және маңызды жеңістерге жетуге дем бергендеріңіз үшін рахмет. Әлеуметтік желілердегі лүпілдеріңіз бен пікірлеріңізге, жігерлі плакатарыңыз бен ұрандарыңызға рахмет. Сәтсіздікке ұшыраған кездерімізде бізбен бірге болып, команда мен клуб деген сенімдеріңізбен олардың бәрін еңсеруге көмектескендеріңіз үшін рахмет. Өз алаңымыздағы ойындарда бәріміз бірге жүзеге асыратын, ауызбен айтып жеткізгісіз, біздің команда түлеп сала беретін атмосфераға рахмет.

Біздің командамызға жан-тәндерімен берілген жанкүйерлеріміз бен фанаттарымыз – Асқар Бөлегеновке, Ботагөз Байбүроваға және оның анасы Дәметкен Қайроллаевна Күзенбаеваға бөле-жара алғыс білдіреміз.
 

Ойлағандарымыздың бәрі жүзеге аспағанымен, біз бір отбасы болдық және солай қала береміз. Біз – «Астана» деген бір командамыз. Алда – жаңа маусым және жаңа жеңістер. Бәріміз бірге қол жеткіземіз. Біз енді тізгін тартамыз, бірақ ұзақ уақыт емес. Біз қайта оралу үшін және еліміздің ең үздік командасы деген мақтанышты атағымызды дәлелдеу үшін тыныстаймыз. Жаңа маусымда кездескенше!

«Астана» Президенттік кәсіпқой клубы – үлкен отбасы, біз соның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Бас серіктесімізге — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына. Сондай-ақ Әлеуметтік серіктесімізге — «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына қолдау көрсетіп келе жатқандары үшін шексіз алғыс білдіреміз. Ынтымақтастығымыз ұзағынан болса деген үміттеміз. Өз кезегімізде бұдан да жоғары спорттық нәтижелермен мен жетістіктерге қол жеткізуге тырысамыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»