2018/2019 маусымының қорытындысы

03.06.2019, 18:00    Оқылғаны: 154
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы үшін 2018/2019 жылдар маусымы ендігі тарихқа айналды. Ендеше, оның қоытындысын шығаратын уақыт та жетті.
 
«Астананың» өткен маусымдағы жетістіктері – ортақ игілік. Ал біз жерлестеріміздің бәрі осыны бізбен бірге мақтан тұтса дейміз»
«Астана» ПБК бас менеджері — Тихоненко Валерий Алексеевич

ВТБ Бірңғай лигасы.

Сөз жоқ, тарих қойнауына еніп бара жатқан маусымда «Астананың» негізгі жетістігі ВТБ Бірңғай лигасында нәтижелі ойын өрнегін көрсетуі болды. Мәселен, «Астана» былтыр чемпионат қорытындысы бойынша 10-орынға табан тіреп, плей-оффқа шыға алмаса, биылғы маусымды Қазақстан командасы тәп-тәуір бастады. Жаңа жылға дейін 10 ойын өткізіп, соның 7-інде жеңіске жетті. Оның үстіне, 2018 жылдың соңында Энтони Клеммонс желтоқсан айының MVP болып танылды. Жаңа жылғы үзілістен кейін «Астана» жоғары деңгейде өнер көрсете алмады. Алайда, содан соң қайтадан екпін алып, жеңісті жолын сабақтай түсті. Чемпионаттың негізгі бөлігіндегі өзінің 13 жеңіске тең рекордын біздің команда наурыз айында-ақ қайталады. Ал маусым соңында ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді – 15 жеңіс (57,7% – бұл да үздік нәтиже).

Астана командасы бәріне соңғы секундтарға дейін тайталасуды үйретті. Биылғы маусымның 3-ші матчында адам сенгісіз камбэк жасап, кездесу барысында 19 ұпай айырмасымен ұтылып жатып, «Зениттен» айласын асырып кетті. Лигадағы азулы командаларды, атап айтқанда, Краснодардың «Локомотив» клубын түзде, ал Казанның УНИКС командасын өз алаңында тізе бүктіруі де өте маңызды жеңістер болды. Жалпы, «Астананың» ойын басында ұтылып жатып, бірақ матч барысында бапкерлік құрамының өзгерістер енгізуінің арқасында есепті қысқартып және жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алған матчтары жиі қайталанды.



Бапкерлер құрамына тоқталар болсақ, команданың өрлеуіне Эмиль Райковичтің қосқан үлесі ескерусіз қалған жоқ. Ол ВТБ Бірыңғай лигасының 2018/2019 жылдар маусымындағы ең үздік жаттықтырушысы болып танылды. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында, плей-офф сатысының ширек финалдағы, «Астана» мен Мәскеу облысының «Химки» клубтары арасындағы, үшінші матчы басталмай тұрып өтті. Бұл жүлдені бапкерге Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының Бас хатшысы Ален Таңатаров пен «Астана» клубының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко табыс етті.



Қазақстан чемпионаты.

«Астана» тарих қойнауына еніп бара жатқан биылғы маусымды өткен жылғы ел чемпионы мәртебесінде өткізді. Әрі бұған дейінгі 2 маусымда ел ішінде бірде-бір ойында ұтылған жоқ болатын. Елорда командасы осы дәстүрді биыл да жалғастырып, топ жарды. Әрине, біздің командаға барлық ойында жеңіс оңайлықпен келді деп айтуға болмайды. Табан тірескен додағы толы ойындар аз болған жоқ. Ал бұл Ұлттық лигада бәсекелестік бар екенін және «Астанаға» үнемі өзінің жоғары деңгейінен түспей, спорттық бабын жоғалтпауы керектігін білдіреді. Бірақ біздің жігіттер жарады, ел чемпионатындағы барлық ойындарда жеңіске жетті, сондай-ақ плей-офф сатысында да жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Сөйтіп, «Астана» жетінші рет Қазақстан чемпионы атанды, Сонымен бірге, ерлер арасында чемпиондық атағы бәрінен көп, еліміздегі теңдессіз команда болып шықты.

Елорда командасы Қазақстан кубогы додасын да өткен маусымда бас бәйгені жеңіп алған ұжым ретінде бастады. Қостанайдың «Тобылымен» өткен алғашқы матч шектен тыс шиеленісті өтіп, «Астана» мұнда да жеңіске жол таба білді. Бұдан кейін ойын өрнегін жетілдіре түсіп, қалған матчтарда айқын басымдық танытты. Осылайша, Қазақстан кубогы жетінші рет Нұр-Сұлтан қаласына жол тартып, «Астананың» жүлделері сөресінен орын алды.



Ұлттық құрама.

Ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының түпнұсқасы біздің клуб екені, биыл ғана емес. Ал «Астана» баскетболшылары оның негізін қалайды. Біздің команданың бапкерлері құрамындағы Ренатас Курилионокас биыл ел құрамасының тізгінін ұстады. Ал ұлттық құрамамыз Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін додаға түсті. Ұлттық құрама әлем чемпионатына бір қадам жетпей сүрінсе де, Қазақстан құрамасының ойыны Азияның іріктеу додасында көпшілік көңілінен шықты.



Жалпы, біздің ойыншылар тек классикалық баскетболда ғана талантты емес. Мамыр айының соңында 3х3 баскетболынан Азия кубогы өтті. Осы додада, ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының сапында, «Астананың» жас ойыншысы, атап айтқанда, Руслан Айтқали өнер көрсетті. Руслан өзінің серіктерімен еліміздің ерлер арасындағы құрамасының ең үздік нәтижесін қайталап, Азияда төртінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Руслан Қазақстан командасы сапында ең көп ұпай еншілеген ойыншы болып, осы көрсеткіші бойынша Азия кубогының қорытындысында үшінші орынға ие болып, көшбасшыдан 2 ұпай ғана кем жинады.



Енді, әрине,  «Астана» баскетбол Академиясының бас бапкері Деян Парежанин туралы да ұмытпауымыз керек. Ол биылғы маусымда бозбалалар арасындағы Қазақстана U-16 құрамасының тізгінін ұстады. Деян бұл командамен Бішкектегі Жеңіс кубогы 2019 додасында жеңіске жетті. Ал жастар арасындағы, Азия чемпионатының Орталық Азия аймағындағы, іркітеу турнирінде топ жарғаны бұдан әлдеқайда маңызды болды.



«Астана» биылғы маусымда жеті дүркін Қазақстан чемпионы, жеті дүркін Қазақстан кубогының иегері атанды. Осы жетістіктерінің арқасында, Қазақстан чемпионаттары тарихында, ерлер арасындағы еліміздің теңдессіз ұжымы болды. Қазақстан құрамаларының тізгіндерін ұстаған біздің жаттықтырушыларымыз өздерін бұл тұрғыда да білікті мамандар ретінде көрсете білді. «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында ең үздік маусымын өткізді. Ал біздің бас бапкеріміз 2018/2019 маусымындағы үздік жаттықтырушы болып танылды. Қазақстан баскетболының қозғаушы күші үшін биылғы өтіп  бара жатқан маусым тарихта тура осылай сақталады.

«Астана» Президенттік кәсіпқой клубы – үлкен отбасы, біз соның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Бас серіктесімізге — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына. Сондай-ақ Әлеуметтік серіктесімізге — «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына қолдау көрсетіп келе жатқандары үшін шексіз алғыс білдіреміз. Ынтымақтастығымыз ұзағынан болса деген үміттеміз. Өз кезегімізде бұдан да жоғары спорттық нәтижелермен мен жетістіктерге қол жеткізуге тырысамыз.