«Астана» баскетболшылары Сарыөзек ауылындағы жанкүйерлерімен кездесті

10.03.2017, 23:30    Оқылғаны: 1931
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» баскетбол клубы Алатау бөктеріне 2017 жылғы Қазақстан кубогы додасына қатысып қана қоймай, игілікті істі де жүзеге асыруға келді.

«Ақпан айында ғана біз әлеуметтік желі арқылы Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылының балаларынан хат алдық. Онда олар біздің командамыздың фанаттары екендіктерін, өздерінің де баскетбол ойнайтындықтарын және біздің қазақстандық ойыншыларға ұқсағылары келетіндіктерін баяндап жазған. Балалар баскетболға арналған атрибутикалар сатып алатын қаражаттары жоқ болғандықтан, доп алып беріп көмектесуімізді өтініпті. Олардың қатарында ұлдар да, қыздар да бар екен. Біздің клуб олардың бұл өтініштерін қуана қабыл алды. Біз «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып, кәсіпқой командалар ойнайтын доптар, сондай-ақ ойыншылар киімін және «Астана» ПБК атрибутикаларын сыйға тартуды жөн көрдік», – дейді «Астана» ПБК Бас менеджері, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко.



Ойыннан кейін «Астана» барлық балаларды алаңға шақырып, сыйлықтарын салтанатты түрде табыстап, естелікке суретке түсті. Сыйлықтарды ресми түрде табыстау рәсімінен соң балалар клуб клуб ойыншыларымен емін-еркін сөйлесіп, қолтаңбаларын алды.

«Жыл өткен сайын Қазақстанда баскетболдың танымалдығы артып келе жатқанына қуаныштымыз. Шалғайдағы ауыл балаларының, өскелең ұрпақтың біздің ойындарымызды көретіндіктері, ойыншылардың бәрінің аты-жөндерін жатқа білетіндіктері және тілеуімізді тілейтіндіктері қуантады. Әрине, көбісіне көмектескіміз келеді. Біз енді мұндай игілікті істерді мүмкіндігінше жиі-жиі өткізіп тұрамыз деп ойлаймын», – деп атап өтті команда капитаны Рустам Ерғали.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»