Қазақстан кубогы 2017 – бірінші күн: «Астана» «Қапшағайды» жеңді

08.03.2017, 16:00    Оқылғаны: 1067
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін Алматыда баскетболдан ерлер арасындағы 2017 жылғы Қазақстан Республикасы кубогы додасы басталды. Жеребе бойынша біздің командамыздың бірінші қарсыласы «Қапшағай» БК болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кубогы додасында ҚР ҰБФ регламентіне сәйкес, тек қазақстандық ойыншылар ғана ойнайды.

Елорда командасы ойынның алғашқы онминуттық бөлігін жоғары қарқында өткізіп, бірден +10 ұпай алға озды. Ал екінші кезең тең дәрежеде өтті, «Астананың» әрбір шабуылына қапшағайлықтар лезде қарсы айла-әрекет ұйымдастырып отырды. Әйтсе де, матчтың бірінші бөлігі 40:30 есебімен, «Астананың» жеңісімен аяқталды.

Ойынның екінші бөлігі әлдеқайда қызықты басталды. Минут сайын доп додасы қыза түсті. Астаналықтар сәл босаңсып, «Қапшағай» оны қалт жібермей пайдаланып, тіпті ұпай айырмасын қысқарта түскен сәттері де болды. Бірақ тактикалық тайм-ауттардан кейін Илиас Папатеодорудың шәкірттері алаңға өздерін қайрап шығып, қапшағайлықтардан +13 ұпай алға озды. Сөйтіп, матч 65:50 есебімен аяқталды. Соңғы онминуттық та екі команда үшін шиеленісті өтті. Бірақ «Астананың» жігерлігі мен қайсарлығы бұл ойында жеңіске жетеледі. Кездесу 79:66 есебімен аяқталып, «Астана» ПБК жеңіске жетті.

Статистика: Рүстем Мырзағалиев – 24 ұпай, Антон Пономарев – 17 ұпай, Рустам Ерғали – 11 ұпай.

Илиас Папатеодору, «Астана» ПБК бас бапкері: 
– Бүгін кубок додасының алғашқы ойыны өтіп, біз бірінші рет шетелдіктерсіз додаға түстік, әрі бұл жігіттер үшін тамаша сын болды. Әрине, ойын барысында қателіктер болды, бірақ біз тынбай жұмыс жасай беруіміз керекпіз, сонда жеңісіміз де көбейеді.

Ертең «Астана» дем алады, ал 10 наурыз күні елордалықтар «Каспий» баскетбол клубымен кездеседі. «Достық» спорт кешенінде өтетін ойын 17:00-де басталады.
 
Турнир және оған қатысатын командалар туралы толық мәліметтер, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері біздің сайтымыздың Турнирлер бөлімінде жарияланған.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»