«Зенит» — «Астана» (103:95 ОТ) матчынан кейін ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатының 2018/2019 жылдар маусымында плей-офф сатысына шыққан, яғни ширек финалда кездесетін командалар жұбы түгелдей анықталды.
1/4 финалындағы, әрбір жұптағы доп додасы 2-2-1 жүйесінде, 3 жеңіске дейін созылады. Ойындар ВТБ лигасының биылғы маусымдағы қорытынды кестесінде жоғары орналасқан командалардың алаңында басталады. Сонымен, 1/4 финалында өзара додаға түсетін жұптар: ЦСКА – «Нижний Новгород», УНИКС – «Калев», «Химки» – «Астана» и «Локомотив Кубань» – «Зенит». Плей-офф мамыр айының басында басталады.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.