«Астана» өз алаңында Краснодардың «Локо» клубын қабылдайды

12.04.2019, 18:00    Оқылғаны: 758
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Дүйсенбі күні, 15 сәуірде, «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Краснодардың «Локомотив-Кубань» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізеді.

«Локомотив Кубань» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2012/2013
  • FIBA кубогының финалына шыққан – 2004/2005
  • EuroChallenge кубогының финалына шыққан – 2010/2011
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2012, 2015
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2012/2013
  • Ресей кубогының күміс жүлдегері – 2014
 
Командалар өткен жылдың желтоқсан айында кездескен. Краснодар қаласында өткен сол ойында елорданың «Астана» клубы «Локомотив Кубань» командасынан басым түскен болатын – 71:90. Дәл қазір «Локомотив Кубань» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде 4-орынды иемденіп тұр. Олар 22 ойын өткізіп, оның 15-інде жеңіске жеткен. Ал «Астана» 23 ойынның 14-ін жеңіспен аяқтап, алтыншы орында тұр.  

Біз жанашыр жанкүйерлеріміздің бәрін 15 сәуір күні «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарынан күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де. Матч билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде жүргізіледі.  

Естеріңізге сала кетейік, командамыздың ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы чемпионаты аясында, 21 сәуірде – «Енисей» командасымен өз алаңында өтетін ең соңғы матчына билеттер сатыла бастады.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»