«Астана» түзде ВТБ лигасының көшбасшысы ЦСКА командасымен додаға түседі

08.04.2019, 08:00    Оқылғаны: 679
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Бейсенбі күні, 11 сәуірде, Мәскеу қаласындағы ОӘСК ӘСК спорттық аренасында, «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Мәскеудің ЦСКА командасы арасында ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатының кезекті ойыны өтеді.

ЦСКА – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Мәскеу қаласынан, 1923 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еуролига додасында бақ сынайды.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1945, 1960-1962, 1964-1966, 1969-1974, 1976-1984, 1988, 1990. 
  • Ресей чемпионы – 1992-2000, 2003-2015. 
  • КСРО кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982. 
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2005-2007. 
  • Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы − 1960/1961, 1962/1963, 1968/1969, 1970/1971. 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000. 
  • Еуролига чемпионы − 2005/2006, 2007/2008, 2015/2016 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/2010, 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2010/2011

Екі команда биылғы маусымда кездескен. Өткен жылғы 7 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен матчта «әскерилер» елорда командасынан басым түскен болатын – 61:86 (15:14, 12:27, 20:24,14:21). Дәл қазір Мәскеудің ЦСКА командасы ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде 1-орынды иемденіп тұр. Ал «Астана» 5-орынға орналасқан. Елорда баскетболшылары қызыл-ақ жейделілермен тайталасып, тағы бір тарихи оқиғаны жүзеге асыра ала ма, ол бейсенбі күні, яғни 11 сәуірде белгілі болады.

Матчтың онлайн-трансляциясы QAZSPORT телеарнасында және біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да.

Естеріңізге сала кетейік, елорда клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңында өтетін келесі екі ойынына билеттер сатыла бастады: 15 сәуір күні – «Лококмотив Кубань» клубымен және 21 сәуірде – «Енисей» командасымен.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»