2019 жылғы ерлер арасындағы Қазақстан Кубогы

01.04.2019, 08:00    Оқылғаны: 18
Дереккөз: NBF RC
Автор:
2 — 6 сәуір аралығында, Алматыдағы «Достық» спорт кешені алаңында Баскетболдан 2019 жылғы ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы додасы өтеді.
 
Ел кубогы додасына Ұлттық лигада өнер көрсететін 5 команда қатысады. Олар – «Астана» Президенттік баскетбол клубы, оңтүстік астана өкілі «Алматы Легионы», батысқазақстандық Атырау облысының баскетболшылар, Көкшетаудың баскетбол клубы «Синегорье» және Қостанайдың «Тобылы».
 
Биылғы ел кубогы жатық чемпионат жүйесі бойынша өтеді. Финал болмайды. Командалар 1 айналымдық жүйе негізінде бір-бірімен кездесіп шығады. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша командалар 1-5 орындарға жіктеледі.

Барлық ойындар жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.