«Астана» Наурыз мейрамынан кейін «Химки» клубымен кездесуге кетті

24.03.2019, 18:00    Оқылғаны: 483
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Дүйсенбі күні, яғни 25 наурызда, «Астана» Президенттік баскетбол клубы түзде Мәскеу облысының «Химки» клубымен додаға түсіп, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді.

«Химки» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Мәскеу облысынан, 1997 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еуролига додасында бақ сынайды.

Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2017, 2018
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2007
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы – 2010/2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасы Промо-кубогының күміс жүлдегері – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018
  • ULEB Еуропа кубогының финалына шыққан – 2008/2009
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2005/2006
  • FIBA Еуролигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2004/2005
  • ВТБ Бірыңғай лигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2009/2010
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2011/2012, 2014/2015
 
Командалар биылғы маусымда, дәлірек айтқанда, өткен жылғы 5 қараша күні елорда төрінде кездескен. Аталған ойында «Астана» Ресейдің «Химки» клубына 67:76 есебімен есе жіберіп алған болатын. Дәл қазір «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде 5-ші орында, ал «Химки» 3-ші орында тұр.

«Астана» баскетбол клубы түзде «Химкиден» есе қайтара ала ма, ол 25 наурыз күні белгілі болады. Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз, сенбі күні «Астана» өз алаңында Ресейдің «Парма» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті кездесуін өткізеді. Матч «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – 20:00-де. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»