Көшбасшылар бәсекесі – «Астана» мен «Тобыл» додаға түседі

18.03.2019, 18:00    Оқылғаны: 394
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
20 және 21 наурыз күндері, Қостанай облысының Затобол елді мекенінде, Қазақстан чемпионаты Ұлттық лигасының кезекті екі ойыны өтіп, «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Қостанайдың «Тобыл» командасы кездеседі.

Командалар биылғы маусымда екі ойын өткізіп, өткен жылдың 23 және 24 қазан күндері Астанада додаға түскен. Сол екі матчта да біздің командамыз «Астана» жеңіске жетіп, «Тобылды» 80:45 және 78:72 есептерімен тізе бүктірген. Дәл қазір елорда клубы «Астана» турнир кестесінде 1-ші орынды иеленіп тұр, ал Қостанайдың «Тобылы» 2-ші орынға орналасқан. «Тобыл» баскетбол клубы өз алаңында «Астанадан» есе қайтара ала ма, оны сіздер 20 және 21 наурыз күндері білесіздер.

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан. «Тобыл» баскетбол клубы 2003 жылы сол кезде Қостанайдағы «Баян-Сұлу» кондитер фабрикасының директоры болған Евгений Александрович Богер мен «Негіз-Ақмола» Құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Эмир Ахмедович Эмировтің бастамасымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018
 
Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі. Басталуы – Астана уақытымен 17:00-де.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні «Астана» баскетбол клубы түзде «Химки» баскетбол клубымен додаға түсіп, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын Мәскеу түбінде өткізеді.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»