«Астана» Алатау бөктерінде «Алматы легионын» екі рет жеңді

15.03.2019, 17:00    Оқылғаны: 379
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
«Астана» баскетбол клубы Алатау бөктерінде екі күндік матчтарын өткізіп, Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында «Алматы легионымен» додаға түсті.

Бірінші ойын 13 наурыз күні «Достық» ӘСК өтті. Бұл ойында елорда клубы алаң иелерінен басым түсті. Есеп – 65:93. «Астана» төрт кезең бойы тізгін тартпай, үстемдік танытты. Екінші күнгі матч бірінші ойынның айна-қатесіз суретіндей болды. Таблодағы есепте де көп алшақтық жоқ – 60:95. Осылайша, «Астана» баскетбол клубы «Алматы легионымен» Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында өткен кездесулерді алты жеңіспен тәмамдады.

Матчтың үздік ойыншылары:
  • Джеффри Гроселл – 23 ұпай, 11 рет доп қағып алды және тиімділігі 32
  • Стефен Холт – 21 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 4 пас және тиімділігі 32
  • Энтони Клеммонс – 19 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 5 пас және тиімділігі 31
  • Рустам Ерғали – 14 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 1 пас және тиімділігі 17
  • Александр Жигулин – 14 ұпай, 5 рет доп қағып алды және тиімділігі 8
  • Кеннет Хортон – 13 ұпай, 9 рет доп қағып алды, 1 пас және тиімділігі 18
 
«Астана» келесі кездесуін 17 наурыз күні өз алаңында өткізеді. Бұл жолы елорда баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Беларусь елінің клуб «Цмоки Мински» баскетбол клубымен додаға түседі. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.

Ал Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы келесі екі матчтық кездесулерін түзде өткізеді. 20 және 21 наурыз күндері елорда баскетболшылары Қостанайға барып, жергілікті «Тобыл» командасымен додаға түседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»