«Астана» өз алаңында Беларустің «Цмоки Минск» клубын қабылдайды

13.03.2019, 13:00    Оқылғаны: 670
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
 Жексенбі күні, 17 наурызда, «Астана» Президенттік баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионаты аясында Беларустің «Цмоки-Минск» баскетбол клубын өз алаңында қабылдайды.
 

«Цмоки-Минск» – Беларусь елінің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Минск қаласынан. 2006 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Беларусь чемпионы − 2009−2018
  • Беларусь кубогының жеңімпазы − 2010−2018

Командалар биылғы маусымның басында, 13 қазан күні Минск қаласында кездескен. Онда елорданың «Астана» клубы «Цмоки-Минск» командасынан басым түскен болатын — 86:93. «Астана» өткен дүйсенбіде Таллинде ұтылып қалғанына қарамастан, турнир кестесінде әлі 5-ші орында тұр. Әрі алдағы жексенбіде, өз жанкүйерлерінің көмегімен, сол жеңілісінің есесін қайтару үшін бар күш-жігерін салады. Беларустің «Цмоки-Минск» клубы болса, ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде соңғы орында тұр. Олар 17 ойында небәрі 2 рет қана жеңіске жеткен.

Біз сіздерді 17 наурыз күні «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарында күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – 20:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»