«Астана» Алатау бөктерінде «Алматы Легионымен» додаға түседі

12.03.2019, 13:00    Оқылғаны: 389
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
13 және 14 наурыз күндері, Алматы қаласында, «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен «Алматы Легионы» арасында Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті екі ойыны өтеді.

«Алматы Легионы» баскетбол клубы өз алаңында елорданың «Астана» командасын қабылдайды. Командалар бұған дейін төрт рет кездескен. Өткен жылғы 21 және 22 қараша күндері Астанада, ал 19 және 20 желтоқсан күндері Алматыда додаға түсіп, төртеуінде де біздің командамыз алматылықтардан басым түскен болатын. Дәл қазір «Астана» ел біріншілігінің турнир кестесінде 1-орында тұр, ал «Алматы легионы» 3-орынға орналасқан. «Легиондар» енді Алматыда елорданың «Астана» командасына төтеп бере ала ма, жоқ па, оны сіздер 13 және 14 наурыз күндері білетін боласыздар.

«Алматы Легионы» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Алматы қаласынан, 2006 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы — 2015, 2016
  • Қазақстан Жоғарғы лигасының чемпионы — 2017/2018
  • Қазақстан Жоғарғы лигасының күміс жүлдегері — 2016/2017
  • Қазақстан Ұлттық лигасының күміс жүлдегері — 2007/2008, 2014/2015
  • Қазақстан Ұлттық лигасының қола жүлдегері — 2008/2009
 
Матчтың онлайн-трансляциясы 13 және 14 наурыз күндері біздің сайтымызда жүргізіледі. Басталуы – Астана уақытымен 19:30-да.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары
 бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»