«Астана» «Каспийді» 60 ұпай айырмасымен жеңді

06.03.2019, 08:00    Оқылғаны: 672
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
5 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегі алаңында «Астана» және «Каспий» баскетбол клубтары Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында екінші рет додаға түсті.

Елорданың «Астана» командасы бұл жолы да Ақтаудың «Каспий» клубына ешқандай мүмкіндік бермей, тағы да басымдық танытып, ойсырата жеңді. Есеп – 110:50 (24:15, 33:15, 29:10, 24:10).
 

Матчтың үздік ойыншылары:  
  • Рустам Мырзағалиев – 18 ұпай, 6 рет доп қағып алды және 10 пас
  • Рустам Ерғали – 16 ұпай, 3 рет доп қағып алды және 3 пас
  • Кеннет Хортон – 15 ұпай, 7 рет доп қағып алды және 6 пас
  • Энтони Клеммонс – 15 ұпай, 2 рет доп қағып алды және 5 пас
 
«Астана» келесі кездесуін 11 наурыз күні түзде өткізеді. Бұл жолы елорда баскетболшылары Таллинге барып, онда жергілікті «Калев» баскетбол клубымен ВТБ Бірыңғай лигасы аясында додаға түседі.

Ал Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы келесі екі матчтық кездесулерін оңтүстік астанада өткізеді. 13 және 14 наурыз күндері елорда баскетболшылары «Алматы Легионы» командасымен түзде кездеседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»