«Астана» «Каспийден» қалайда қарымды

05.03.2019, 08:00    Оқылғаны: 608
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Елордада «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Ақтаудың «Каспий» командасы арасында ел чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы бірінші матч өтті.

Бұл ойында «Каспий» ел чемпионына дес бермей, ойламаған жерден тайталасып бақты. Осыдан бір-екі ай бұрын Ақтаудың жастарына жәрдем ретінде америкалық екі легионер тартылған болатын. Олар – Эдуард Картер және Кристофер Камали. Міне, осы екеуі негізгі скорерлер міндетін абыроймен атқарып, екеуара 52 ұпай еншіледі. Ал «Астананың» шығыршығына осы матчта 81 ұпай салынды. Өз кезегінде, бұл – Ұлттық лиганың биылғы маусымындағы рекорд. Әйтсе де, кездесу 86:81 (24:17, 23:18, 24:23, 15:23) есебімен аяқталып, елорда клубы жеңіске жетті.

 

Матчтың үздік ойыншылары: 
  • Стефен Холт – 19 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 5 пас. 
  • Александр Жигулин – 18 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 3 пас.
  • Асқар Майдекин – 14 ұпай, 7 рет допты қағып алды және тиімділігі – 18.
 
Екі команда арасындағы екінші ойын бүгін, 5 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегі алаңында өтеді. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 20:30-да.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» баскетбол клубы 11 наурыз күні ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Эстонияның «Калев» командасымен кездеседі. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 23:00-де.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»