«Астана» Казанда УНИКС клубымен додаға түседі

01.03.2019, 08:00    Оқылғаны: 525
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Ертең, 2 наурыз күні, Казань қаласындағы «Баскет-холл» спорт аренасында, «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Казанның УНИКС командасы арасында, ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатының кезекті ойыны өтеді.

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/14
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/04
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/11
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/03
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/10, 2011/12, 2015/16 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11

Биыл бұл екі команда Астанада кездескен. 12 қаңтар күні елорда төрінде өткен матчта, Казань қаласынан келген УНИКС елорданың «Астанасынан» сәл-пәл ғана басым түсіп, 4 ұпай айырмасымен ұтып кеткен болатын. Есеп – 83:79 (17:19, 26:17, 14:27, 26:16). Дәл қазір УНИКС (Казань) клубы ВТБ лигасының турнир кестесінде 2-ші орынды иемденіп тұр, ал елорданың «Астанасы» 5-ші орынға орналасқан.

«Астана» баскетбол клубы Казань қаласында УНИКС клубынан есе қайтара ала ма және жеңісті жолын жалғастырып, бесінші рет қатарынан жанкүйерлерін қуаншқа бөлей ме, оны сіздер 2 наурыз күні біле аласыздар.
Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі. Бұл ойынды 3 наурыз күні таңертеңгі сағат 07:00-де «Qazsport»телеарнасы.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»