Леонидас Каселакистің соңғы секундтағы соққысы ВТБ лигасының апталық шолуында

28.02.2017, 16:00    Оқылғаны: 1566
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасының өткен аптадағы қызығы мен шыжығы

Көшбасшылар

Жұлдыздар Матчынан кейін іле-шала лига көшбасшыларының қатысуымен үш кездесу өтті. Жұлдызды сенбіден кейінгі екінші аптада алғашқы бестіктегі екі команда да өз ойындарын өткізді. ЦСКА «Зениттен» ұтылып қалған соң «Локомотивті» тізе бүктіріп, жағдайын түзеді де, осы аптада УНИКС командасын жеңіп, көш басына жайғасты. Мәскеуліктер (16-2) биылғы біріншілікті бірінші орынмен аяқтайтын да сияқты. Ал Қазан клубы (11-7) бесінші орында қалатын да секілді, яғни плей-оффтың алғашқы сатысында шешуші ойынды үйде өткізу құқығынан айырылады.   

«Химки» (14-3) клубының плей-оффтың алғашқы сатысында өткен маусымда финалға шыққан командамен кездеспеуі бек мүмкін. Краснодарда маңызды жеңіске қол жеткізіп, үшінші орынға жайғасты да, «Локомотив» (13-4) клубын төртінші орынға ығыстырды.

Данк
 

Жалын

Жұлдыздар Матчынан шабыт алған Алексей Швед әлі “жер өртеп” жүр. 29 ұпай еншілеп және 8 рет доп қақшып алды. Оның екеуі – Краснодар триллерінің аяғындағы үш ұпайлық соққылар: Star Perfomance айдарының шығармашылық ұжымы аянар емес.  
 

 Мәлімдеме

«Химки» клубының Бас директоры Павел Астахов болашаққа көз жүгіртуге тырысты. «Мұндай ойынмен денсаулықты құртамыз. Жеңісті матч соңында жұлып алғанымызға қуаныштымын. Швед те жеңіске жету үшін бәрін істеді. Ол сол үшін, осындай ойындардың аяғында көсіле сілтеу үшін – Алексей Швед. Үш ойында 30 ұпайдан еншіледі – ақпанда кім үздік екені белгілі секілді.

Сиқырлық

Баскетбол жанкүйерлерінің басым көпшілігі айызыңды қандырар данктерді, ысқырықпен қоса соғылған жеңіс доптарын, қорғанысты бұзып-жарып өткен ойын сәттерін және қайран қалдырар финттерді ұнатады. Бірақ шабуылды нәтижелі аяқтауға болатын тамаша пастарды бағалайтындар да бар. Мұндай қас шеберлерге тәнті болатындар ЦСКА – УНИКС кездесуінің бірінші ширек бөлігінде Милош Теодосич екі рет қатарынан бір-біріне ұқсас пас бергенде рухани ләззат алған шығар.
 

Соңғы нүкте

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Илиас Папатеодору Саратовтағы ойыннан кейін өзінің командасы ойын тізгінін бастан-аяқ уысынан шығарған жоқ дегенде, әрине, сәл-пәл асыра сілтеді. Қазақстан клубы шынымен де, кездесудің басым бөлігінде алда тұрды, бірақ ойынның төртінші ширек бөлігінде Саратов баскетболшылары қарсыластырын қуып жетті. Ал матчтың аяқталуына 7 секунд қалғанда Ник Миннерат волгалықтарды алға да шығарды. Дәл осы сәтте сары-көк жейделілердің ойын тізгінін уыстарында ұстап тұрғаны шартты түрде ғана еді.
 

Әйтсе де, соңғы шабуылда, Иан Миллер мүлт кеткенде, қарсыластарының оймақторы түбінде кері қайтқан допты Леонидас Каселакис қақшып алып, ысқырық безілдегенге дейінгі қас-қағым сәтте Қазақстанның ұлттық қаһарманы болып шыға келді. Каселакис жеңіс соққысын матчтың аяқталуына 0,4 секунд қалғанда дөп түсіріп, «Астанаға» маңызды жеңіс әперді. Осылай плей-оффта ойнауға құқық беретін орынға таласқан басты бәсекелесін тақырға отырғызып кетті. 
  
Алыстан көздеу

«Локомотив-Кубань» клубының шабуылшысы Райан Брокхофф «Химкимен» өткен ойының бірінші ширек бөлігін адам сүйсінерлік «баззермен» тәмамдады.
 

Брокхофф осы маусымда бұдан бұрынырақ та, Еурокубок додасында допты осылай алыстан лақтырып, ысқырық безілімен қоса соққан. Австралия саңлағы енді киім ауыстыратын бөлмеден доп лақтыруға машықтанып жүрген көрінеді. Содан кейін Жасыл құрлықтан лақтырып, дәл түсіруге төселу де жоспарында бар.

«Оймақторға саналы түрде лақтырдым, өйткені ойынның ширек бөлігінің аяқталуына санаулы секундтар ғана қалғанын көрдім. Бұл – түсіре алатыныңды сезіп, допты алыстан лақтырып, доп дітеген жеріңе түссе екен деп сыйынатын сәттердің бірі».

Дуэль

Лигадағы ең жас бас бапкерлердің, яғни ВЭФ жетекшісі Янис Гайлитистің (31) және «Нижний Новгород» жаттықтырушысы Артурс Шталбергстің (32) жастарын қоссақ, 63 болады. Латыштар арасындағы бірінші дуэлде «жастық» жалын басым түссе, бұл жолы жеңіс «тәжірибесі» молырақ маманға бұйырды.
 
Сан

17 – «Зениттің» ойын үйлестірушісі Стефан Маркович «Енисеймен» өткен матчта осынша нәтижелі пас берді. Креативті серб пас беруден маусымның жаңа рекордын орнатты. Әрі бұл – Лига тарихындағы төртінші көрсеткіш. Петерборлықтардың жеңіске жеткенін айтудың қажеті бар ма екен…
 
Дәйексөз

«Локомотив-Кубань» БК бас бапкері Саша Обрадович:
— Бұл көруге тұрарлықтай тамаша ойын болды. Екі команда да аянбай, барын салды. Кездесудің маңыздылығын ойыншылардың әрбір адымынан түсінуге болып отырды. Мұндай баскетболмен екі команданы та құттықтаймын!

Үздіктер

Алексей Швед («Химки») – Краснодардағы матчтан кейін Шведке 2000 жылғы Винс Картердің әйгілі ишаратын қайталауға болушы еді. Онда Винсенити кезекті супер-данктен кейін камераға қарап, қолдарын сермеп, «Бәрі де тәмам, бұл жерде ең бастысы мен» дегендей сыңай танытқан.

Милош Теодосич (ЦСКА) – Теодосичке батыр атағын алу үшін басқа командалардың өкілдерімен ғана бәсекелесумен қатар, өз клубындағы серіктесі Нандо Де Колодан асып түсу үшін сиқырлы пастар да беру қажет болып жүр. Француз баскетболшысы болса, тұрақты түрде MVP деңгейіндегі ойын өрнегін көрсетіп келеді (мұны да атап өту лазым). УНИКСпен өткен ойында Тео өз еншісіне 19 ұпай, 10 пас жазды, сондай-ақ «клатч» үлгісінде үш рет допты алыстан дөп түсірді.

Стефан Маркович («Зенит») – «Енисеймен» өткен ойыннан кейін Маркович «бір ойында 2 соққы орындап қана MVP болғың келе ме? Меннен сұра» деген жазуы бар төсбелгі тағып жүрді. Красноярск клубымен өткен матчта Стефан оймақторға қараған да жоқ десек те болар, есесіне, өзінің бір клубтағы серіктерін мұқият бағып отырды. Әрі оларға дер кезінде допты бере қоюмен болды. 17 пас – маусымның жаңа рекорды.

Кадр



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»