«Астана» Атырауда екі рет жеңіске жетті

07.02.2019, 10:00    Оқылғаны: 528
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
6 ақпан күні Атырауда «Астана» мен «Атырау Барыстары» арасында, Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында, түздегі екінші матч өтті.

Бұл ойында елорда баскетболшылары алаң иелерін кешегі ойынмен салыстарғанда ойсырата жеңді – 54:109 (11:26, 9:29, 20:25, 14:29). Осымен жасыл-ақ жейделілермен, ел чемпионаты аясындағы, екеуара ойындар аяқталып, «Астана» 6:0 есебімен үстем түсті.
 
Матчтың үздік ойыншылары:
  • Дмитрий Гаврилов – 12 ұпай, 9 рет допты қағып алды, 2 пас және тиімділігі – 24.
  • Стефан Холт – 12 ұпай, 4 рет допты қағып алды, 2 пас, 3 рет допты қағып әкетті және тиімділігі – 18.
  • Александр Жигулин – 12 ұпай, 2 рет допты қағып алды және тиімділігі – 10.
  • Максим Марчук – 6 ұпай, 9 рет допты қағып алды, 2 пас және тиімділігі – 14.
  • Рустам Ерғали – 5 ұпай, 2 рет допты қағып алды, 4 пас және тиімділігі – 10.
 
Команда келесі ойынын алдағы аптада, яғни 12 ақпанда, сейсенбі күні өткізеді. Елордалықтар өз алаңында Польшаның «Зелена Гура» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында додаға түседі. Матчтың басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.
 
Ал Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы келесі ойындарын «Астана» түзде өткізеді. 14 және 15 ақпан күндері елорда баскетболшылары «АМУ Атырау Барыстарымен» кездеседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»