«Астана» Польшаның «Зелена Гура» командасын қабылдайды

04.02.2019, 18:00    Оқылғаны: 606
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
12 ақпан, сейсенбі күні, «Сарыарқа» республикалық велотрегі алаңында «Астана» Президенттік баскетбол клубы Польшаның «Стелмет Зелена Гура» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді.

«Stelmet Zielona Gora» – Польшаның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Зелена Гура қаласынан, 1946 жылы құрылған. Поляктар үшін – бұл ВТБ Бірыңғай лигасысындағы бірінші маусым.

Жетістіктері:
  • Польша чемпионы – 2013, 2015, 2016, 2017
  • Польша кубогының иегері – 2015, 2017
  • Польша суперкубогының иегері – 2015
  • Еуролигага қатысушысы – 2013/2014

29 қазан күні елордалық баскетбол клубы Польша командасымен түзде кездескен. «Астана» әрі поляк жеріндегі бірінші тарихи ойынын сәтті өткізіп, жеңіске жеткен болатын – 91:82 (23:14, 20:21, 26:18, 22:29). «Зелена Гура» биылғы мауым барысында өте сапалы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Енді Қазақ елі астанасына есе қайтару үшін келе жатқаны анық.

Матч 12 ақпан күні «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, матч барысында көрермендер арасында ұтыс ойыны өткізіліп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері  Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»