«Астана» баскетбол клубынан жанкүйерлерге естелік сыйлықтар

28.01.2019, 17:00    Оқылғаны: 679
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Кеше, 27 қаңтар күні, ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті ойыны кезінде, «Астана» баскетбол клубы жанкүйерлер мен осы спорт түрінің әуесқойлары арасында бәйге өткізді. Бұл бәйгеге тоғыз адам қатысып, олардың үшеуі жеңімпаз болып танылды. Клуб оларды «Астана» ПБК брендінің естелік сыйлықтарымен марапаттады.





Естеріңізге сала кетейік, «Астана» өз алаңында Латвияның VEF клубын өз алаңында қабылдап, 90:77 (25:20, 24:16, 15:24, 26:17) есебімен басым түскен болатын. Әрі үш ойынға созылған жеңілістерінің тамырына балта шапты.

«Астана» командасы келесі ойынын 2 ақпан күні, түзде «Автодор» (Саратов қаласы, Ресей) клубымен өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»