«Астана» Атырау жастарымен өткен екінші ойында тағы да жүз ұпайдан асып түсті

25.01.2019, 13:00    Оқылғаны: 593
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
24 қаңтар күні «Астана» ПБК және «АМУ Атырау Барыстары» командалары арасында, Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында екінші ойын өтті. Елорда баскетбол клубы бұл жолы да Атырау Барыстарына ешқандай мүмкіндік бермей, айқын басымдық танытты. Есеп – 109:52 (35:11, 24:15, 25:12, 25:14).
 
Матчтың үздік ойыншылары: Рустам Мырзағлиев – 16 ұпай, 9 рет допты қағып алды, 7 пас, 6 рет допты қағып әкетті, тиімділігі – 32, Вадим Щербак – 16 ұпай, 2 пас, 1 рет допты қағып әкетті, тиімділігі – 17. Рустам Ергали – 15 ұпай, 4 рет допты қағып алды, 2 пас, 1 рет допты қағып әкетті, тиімділігі – 14, Александр Жигулин – 13 ұпай, 2 рет допты қағып алды, 2 пас, 2 рет допты қағып әкетті, тиімділігі – 14, Дмитрий Гаврилов – 9 ұпай, 6 рет допты қағып алды, 1 пас, 2 рет допты қағып әкетті, тиімділігі – 19.

 

Команда келесі ойынын алдағы жексенбі күні, яғни 27 қаңтарда өткізеді. Елордалықтар өз алаңында Латвияның ВЭФ (Рига) клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында додаға түседі. Матчтың басталуы – Астана уақытымен 15:00-де. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.
 
«Астана» Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы келесі ойындарын түзде өткізіп, 5 және 6 ақпан күндері елорда баскетболшылары «Атырау Барыстарымен» кездеседі.
 
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»