«Астана» «АМУ Атырау Барыстарын» қабылдайды

22.01.2019, 18:00    Оқылғаны: 297
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
23 және 24 қаңтар күндері «Сарыарқа» республикалық велотрегі алаңында, «Астана» ПБК және «АМУ Атырау Барыстары» командалары арасында, ел чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті екі ойыны өтеді.

Бұған дейін, 2018 жылдың 9 және 10 қазан күндері өткен екі матчта да «Астана» жүз ұпайдан артық еншілеп, үстем түскен болатын (102:35 және 102:53).

Сонымен қатар, естеріңізге сала кетейік, осы аптада, жексенбі күні, 2019 жылғы 27 қаңтарда, «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті ойыны өтіп, «Астана» баскетбол клубы Латвияның ВЭФ (Рига) клубын қабылдайды. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»