Келе жатқан Жаңа 2019 жыл құтты болсын!

29.12.2018, 08:00    Оқылғаны: 29
Дереккөз:
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы баршаңызды Жаңа 2019 жылмен құттықтайды!

Жүрек жарды ыстық және игі тілектерімізді қабыл алыңыздар! Жаңа жыл – бұл барша жұрт асыға күтетін, игі тілек тілейтін, жаңа бақыт күтетін таңғажайып және ең көңілді мерекелердің бірі. Сіздерге және ет жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт және құт-береке, қуаныш тілейміз! Шаңырақтарыңызға береке, бірлік және шаттық тілеп, уайым-қайғы жоқ болсын дегіміз келеді! Ауырмаңыздар, сүйікті де сүйкімді және бақытты болыңыздар!

Жаңа, 2019 жылы біз өз күшімізге сенімді болып, бар қайрат-жігерімізді салып, маусым соңындағы көрсеткіштеріміз көңілге қонымды болады деген үміттеміз. Әрі сіздер, қымбатты достарымыз, үнемі қолдау көрсетіп отырады деп сенеміз. Жыл бойы көңілді болуларыңызға және үміттеріңізді үзбеулеріңізге тілектеспіз. Ал біз болсақ, сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, нәтижелі ойын өрнегімізбен қуантып отыруға тырысамыз.