«Астана» оңтүстік астанаға аттанды

18.12.2018, 15:00    Оқылғаны: 31
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Елорда баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында Эстонияның «Калев» клубын жеңген соң Алматыға ұшып кетті. Олар оңтүстік астанада 19 және 20 желтоқсан күндері баскетболдан Қазақстан чемпионатының кезекті ойындары аясында «Алматы легионы» командасымен додаға түседі.

Астаналықтар «Алматы легионымен» қараша айында кездескен болатын. «Астана» өз алаңында өткен сол екі матчта айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын – 88:44 және 96:48. Елорда баскетболшылары Алматыға толық құрамда аттанды. Әрі «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайына барып, оңтүстік астананың көрікті жерлерін аралап, танысып та үлгерді.

Матчтар 19 және 20 желтоқсан күндері «Достық» спорт кешенінің аренасында өтеді. Ойындардың басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Кіру тегін.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.