«Астана» Эстония чемпионын қабылдайды

14.12.2018, 20:00    Оқылғаны: 671
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Алдағы жексенбіде, 16 желтоқсан күні, елорда баскетбол клубы өз алаңында ВТБ Бірыңғай лигасының 2018/2019 жылдар маусымындағы бесінші ойынын өткізеді. Бұл жолы Астанаға Эстонияның «Калев» баскетбол клубы қонаққа келеді.
 

«Калев» – Эстонияның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Таллинн қаласынан. 1920 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1991.
  • Эстония чемпионы − 2000, 2005, 2006, 2009, 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2018
  • Эстония чемпионатының күміс жүлдегері – 2015
  • Эстония кубогының жеңімпазы − 2005−2008, 2016, 2017

Өткен кездесулер хроникасы: Эстония чемпионы ВТБ лигасында осы дода құрылғаннан бері, яғни 2009 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Өткен жеті маусымда «Астана» эстон клубымен 12 рет кездесті. Осы ойындардың 9-ы астаналықтардың жеңісімен аяқталды.

Қазіргі жағдай: Екі маусым болды, бұл команданы Литва маманы Доналдас Кайрис жаттықтырып жүр. «Калев» биыл команданың көшбасшыларының бірі, серб легионері Бранко Мирковичпен де екеуара келісімшартты ұзартты. Сондай-ақ команда құрамында бірнеше амеикалық ойыншы өнер көрсетеді.

Турнир кестесі:  Эстония клубы Лиганың турнир кестесінде, 4 жеңіс және 5 жеңіліспен 7- орында иеленіп тұр. «Астана» баскетбол клубы болса, 5 жеңіс және 3 жеңіліспен 4-орынға орналасқан.

«Астана» БК бас бапкері Эмиль Райкович: «Калев» − өте азулы команда. Мұны көрсеткіштерінен де байқауға болады. Клубтың өте сенімді 10 ойыншысы бар. Олар тізе қоса әрекет етіп, тек қана командалық баскетбол үлгісін көрсетіп жүр. Эстондар аймақтық қорғаныс жүйесін (прессинг) қолданады, әрі доптан көз жазбай, үнемі қыспаққа алып отырады. Сол себепті, бізге шабуылда ойластырған әрекеттерімізді жүзеге асырып, ал қорғаныста негізгі ойын үйлестірушілері – Миркович пен Льюиске тосқауыл қоюуымыз керек. Екеуі де пик-энд-ролл әдісін өте жақсы қолданады және бетпе-бет келген ойыншыдан сытылып кетуге – шебер. Сондай-ақ, олардың әрбір ойыншысы өте қауіпті, алаңда жан-жақты ойын өрнегін көрсетуге машықтанған. Қысқасы, әдетегідей біздің басты мақсатымыз – осы матчқа құрылған жоспарымызды дұрыс орындап, одан ауытқымай ойнау, сонда өз алаңымызды маңызды жеңіске қол жеткізе аламыз.»

Матч 16 желтоқсан күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 15:00-де. Билеттердің онлайн сатылымы –Ticketon.kz сайтында.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»