«Астана» Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдайды

10.12.2018, 18:00    Оқылғаны: 309
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Кеше ғана ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіске жеткен «Астана» елге оралысымен, тынығып та үлгермей, төл біріншілігіміз аясындағы кезекті кездесулерін өткізетін болып отыр.

11 және 12 желтоқсан күндері елорда баскетболшылары республикалық «Сарыарқа» велотрегі залында, Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті екі ойынын өткізіп, «Каспий» клубымен додаға түседі. Биылғы маусымда аталған командалар кездескен. Қараша айында еліміздің батыс өңіріндегі клуб елорда баскетболшыларын Ақтауда қабылдаған. Әрі сол екі ойында да астаналықтар айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын – 40:102 және 35:102.

Матчтар 11 және 12 желтоқсан күндері республикалық «Сарыарқа» велотрегі залында өтеді. Ойындардың басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Кіру тегін.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»