Димаш Досанов – Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол федерациясының жаңа президенті

20.02.2017, 16:00    Оқылғаны: 412
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін, 20 ақпан күні, Астанада ҚР ҰБФ есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, жиын барысында федерацияның жаңа басшысы таныстырылды. Аталған лауазымды қызметке Димаш Ғабитұлы Досанов бекітілді. Бұған дейін баскетбол федерациясының президенті қызметін Абай Алпамысов атқарып келген болатын. Енді ол ҚР ҰБФ бас хатшысы міндетін атқаратын болады.
 
Димаш Досанов 1981 жылы 2 қарашада туған.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униеверситетін «екі тілді меңгерген халықаралық қатынастар жөніндегі маман» мамандығы бойынша. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Джорджтаун университетінің, Вашингтон қаласы, АҚШ, іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алған.

Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығының менеджерінен бастады. 

2004-2006 жылдар аралығында «БӨ «ҚазМунайГаз» АҚ-ында әр түрлі қызметтерде еңбек етті: әкімшілік департаментінің маманы, бас маманы, бас директордың көмекшісі, ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері, ТЖАБЖ департаментінің бас инжинері.
 
2006-2010 жылдары аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамтымын дамыту департементі бастығының орынбасары болды.

2010-2014 жылдары аралығында NCOC-та (North Caspian Operating Company) бас менеджердің сервис жөніндегі орынбасары болып, содан кейін сервис жөніндегі бас менеджері болып қызмет атқарды.

2014 жылы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, ал 2014 пен 2016 жылдың қаңтары аралығында директоры болды.

2016 жылдың 15 қаңтарынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. 

2016 жылғы ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылдың 6 тамызынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) болып сайланды.