Астана командасы «Алматы Легионымен» кездеседі

20.11.2018, 13:00    Оқылғаны: 20
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Баскетбол додасы одан әрі жалғасады, енді тек – өз аренамызда және ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында. «Астана» бұл жолы «Алматы Легионымен» екі ойын өткізеді.

Амбициялы «легионерлер» Қазақстанның солтүстік астанасына 21 қараша күні келіп, «Астанамен» екі мәрте кездеседі. Дәл қазір Ұлттық лигамызда әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген «Астана» баскетболшылар турнир кестесінде ең жоғарғы орынды иемденіп тұр. Өз кезегінде, «Алматы Легионы» да көш бастап, елорда клубын қуып жетуді көксейді. «Легионерлер» алты ойынның бесеуінде жеңіске жеткен.

Матчтар 21 және 22 қазан күндері республикалық «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Кіру тегін.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.