«Астана» өз алаңында «Нижний Новгородқа» есе жіберді

10.11.2018, 17:00    Оқылғаны: 681
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Ресейдің «Нижний Новгород» клубы қазақтың «Астанасын» түзде жеңіп кетті – 89:83 (20:22, 23:23, 22:17, 24:21).

Зоран Лукич «Астананы» «Нижний Новгородтың» плей-оффқа шығу бәсекесіндегі негізгі бәсекелесінің бірі деп атаған. Волгалықтар ойынды жоғары қарқында бастады: Иван Стребковтың 10 ұпайы, әрі 5 минуттан кейін 16:6 есебімен алға шықты. Қазақстан клубы Рустам Ерғалидың үш ұпайлық соққысынан кейін еңсе тіктей бастады. Ал бірінші кезеңнің соңында Александр Жигулин қатарынан 7 ұпай еншілеп, алаң иелері алға да шықты (22:20). Үлкен үзіліске дейін осы ұпай айырмасы өзгермей сақталып қалды. Ойын тең дәрежеде өрбіп, «Астана» 45:43 есебімен алда тұрды. 
Матчтың үшінші ширек бөлігінде «Нижний» допты алыстан төрт рет дөп түсіріп (екі рет Родерик Одом), яғни ойынның бірінші жартысындағы үш ұпайлық соққыларынан асып түсіп, таразы басын өздеріне қарай аударды (65:42).

Сұрмергендер «сайысы» төртінші кезеңде де жалғасты – «Астана» сапынан екі рет Кеннет Хортон көзге түсті, ал нижегородтықтардан Даррин Говенс үш мәрте допты алыстан дөп түсірді. Матчтың аяқталуына екі жарым минут қалғанда қара-ақ жейделілердің дәл осы жаңа ойыншысының кезекті үш ұпайлық соққысы қонақтарды алға шығарды (82:80).

«НН» сапында Лигадағы алғашқы ойынын өткізген Говенс матч соңында көсіле шапты. Соңғы минутта аталмыш ойын үйлестіруші алаң иелерінің қорғанысын бұзып өтіп, екі ұпай еншіледі. Іле-шала Антон Астапковичпен пик-н-роллды сәтті орындады, әрі алаң иелерін ойын ережесің бұзуға мәжбүрледі. Есеп – 31 секунд қалғанда 87:83. «Астана» тайм-аут алды, бірақ сары-көк жейделілер Эмиль Райковичтің ой-жоспарын алаңда жүзеге асыра алмады. Допты ойынға қосқан бетте, қапталда одан айырылып қалды.

Сөйтіп, «Нижний Новгород» екі жеңілісінен кейін сәтсіздіктерінің тамырына балта шапты (2-4), маусымды өте сәтті бастаған «Астананың» балансы теңесті (3:3). 22 цифры – «Нижний Новгород» пас беруден осы маусымдағы өз рекордын жаңартты.
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана»: Кеннет Хортон (16 + 6 рет доп қақшып алды), Майкл Дженкинс (16 + 6 рет доп қақшып алды), Энтони Клеммонс (15 + 5 пас).
  • «Нижний Новгород»: Иван Стребков (25 + 9 пас), Даррин Говенс (15 + 5 пас), Родерик Одом (14).

«Астананың» бас бапкері Эмиль Райкович:
— «Нижний Новгород» клубын жеңісімен құттықтаймын. Бүгін біз ойыншыларымызды ауыстырып отыра алмай, қиындықтарға тап болдық. Ал қарсыласымыздың қосалқы құрамындағы ойыншылары отыратын орындығы біздікімен салыстырғанда сіресіп тұрды. Бізге қарағанда көп ойыншыны алаңға шығарып отырды. «Нижний» жігіттері маңызды соққыларды орындау барысында көп толқымай, мүлт кеткен жоқ. Әйтсе де, маусым басында үш жеңіс, үш жеңіліс, бұл мүлдем жаман нәтиже емес. Жан алысып, жан берісу жалғасады.

«Нижний Новгородтың» бас бапкері Зоран Лукич:

— Қарсыласымызды бүгінгі ойындағы жігерліктерімен құттықтағым келеді. Олар бірінші секундтан соңғысына дейін тайталасты, тіпті біз 10 ұпай айырмасымен алға шыққанда да, еңселері түскен жоқ. Бірақ біз матчтың екінші жартысында кейбір ойын сәттерн талқылап, түзетулер енгіздік. Бұл біздің жеңіске жетуімізге мүмкіндік берді.

«Астана» келесі ойындарын түзде өткізеді, 12 және 13 қараша күндері елорда командасы Ақтауға барып, онда ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында жергілікті «Каспий» баскетбол клубымен кездеседі.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі кездесуін де түзде өткізеді, 19 қараша күні елорда баскетболшылары Латвияға барып, онда жергілікті ВЭФ баскетбол клубымен додаға түседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»