Жалындай жарқыра! «Астана» «Нижний Новгородты» қабылдайды

08.11.2018, 08:00    Оқылғаны: 565
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Алдағы сенбі күні, 10 қарашада, «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізіп, өз алаңында «Нижний Новгород» клубын қабылдайды.
 

«Нижний Новгород» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан, 2000 жылы құрылған. FIBA Чемпиондар лигасында, ВТБ Бірыңғай лигасында және Ресей кубогы додасында өнер көрсетеді.
 
Жетістіктері:
  • Ресей Суперлигасындағы «Б» дивизионының чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/14
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/14

Өткен кездесулер хроникасы: Нижний Новгород қаласының баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында, «Астана» секілді, 2011 жылдан бері ойнайды. Осы уақыт ішінде «нижегородтықтар» Лигада бірнеше рет көпшілікті қайран қалдырды. Ал Астанамен» өзара ойындарына келер болсақ, екі команда 13 рет кездесіп, оның үшеуінде «Астана» жеңіске жеткен.

Турнир кестесі: «Нижний Новгород» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында 12-орынға табан тіреп тұр. Олар 1 ойында жеңіске жетіп, 5 матчта жеңілістің кермек дәмін татты. «Астана» 5-орынға орналасқан – 3 жеңіс, 1 жеңіліс. 

«Астана» БК бас бапкері — Эмиль Райкович: «Нижныйлықтармен өтетін бұл ойын оңай болмайды. Оның себебі, біріншіден, олар  аянбайды және мейілінше жоғары қарқында ойнайды. Бізге олардың шабуылды жоғары деңгейде үйлестіріп отыратын негізгі қорғаушыларын бейтараптандырудың кілтін табу керек».
 
Матч 10 қараша күні «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді, басталуы – Астана уақытымен 15:00-да. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасында жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»