Дүйсенбіде қызу дода: «Астана» «Химки» қырандарымен кездеседі

01.11.2018, 08:00    Оқылғаны: 640
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Дүйсенбі күні, яғни 5 қарашада, «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізіп, өз алаңында Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдайды.

«Химки» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Мәскеу облысынан, 1997 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еуролига додасында бақ сынайды.

Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2017, 2018
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2007
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы – 2010/2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасы Промо-кубогының күміс жүлдегері – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018
  • ULEB Еуропа кубогының финалына шыққан – 2008/2009
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2005/2006
  • FIBA Еуролигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2004/2005
  • ВТБ Бірыңғай лигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2009/2010
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2011/2012, 2014/2015

Өткен кездесулер хроникасы: Мәскеу облысының баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында 2009 жылдан бері ойнайды. Қазақстан клубы Ресейдің бұл командасымен алаңда 14 рет кездесті. Әрі оның үшеуінде шежіресі мол қарсыласын жеңіп те кеткен болатын.

Турнир кестесі: «Химки» баскетбол клубы ВТБ лигасының турнир кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. Нәтижесі өте жоғары – 5 ойында бес жеңіс. Ал «Астана» бесінші орында – 3 жеңіс және 1 жеңіліс.

Матч 5 қараша күні «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді, басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасында жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»