«Астана» Көкше клубымен кездеседі

31.10.2018, 08:00    Оқылғаны: 24
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Елорда баскетболшылары Қазақстан чемпионаты аясында, Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған Көкшетаудың «Синегорье» деп аталатын командасымен додаға түседі.

«Астана» бұған дейін «АМУ Атырау Барыстары» командасымен, сондай-ақ жасыл-ақ жейделілердің негізгі құрамымен және Қостанайдың «Тобыл» клубымен кездескен болатын. Осы алты ойында да елорда клубы жеңіске жетіп, көш бастады. «Синегорье» болса, Ұлттық лигаға биыл қосылып, тәжірибе жинақтап жүр. Көкшеліктер төрт матчтың біреуінде жеңіске жетіп, дәл қазір осы лигадағы жеті команданың ішінде 6-орынды иеленіп тұр.

«Астана» мен «Синегорье» арасындағы ойындар 1 және 2 қазан күндері республикалық «Сарыарқа» велотрегі залында өтеді. Ойындардың басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Кіру тегін.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.