«Астана» түздегі сапарын жалғастырады – келесі аялдама Минск

18.02.2017, 13:00    Оқылғаны: 1256
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Краснодардағы ойыннан кейін, елорда баскетболшылары Беларусь еліне ұшып кетті. Онда 19 ақпан күні ВТБ Бірыңғай лигасы аясында жергілікті «Цмоки-Минск» командасымен кездеседі.

Астаналықтарға Краснодардан бірден ұшып кетудің сәті түспей, ауа-райының қолайсыздығынан Минск рейсі 8 сағат кешіктірілді. Әйтсе де, мұндай қиындықтарға қарамастан, «Астана» Беларусь бас қаласына аман-есен жетті.

Алдағы кездесу екі команда үшін де – өте маңызды. Әсіресе, біздің команда үшін – екі есе жауапты ойын, ең маңызды матчтардың бірі. «Астана» биылғы маусымда Минск «аждаһаларымен» кездескен, әрі өз алаңында өткен матчта 84:67 есебімен басымдық танытқан. Минск командасының өз алаңында жақсы ойнайтыны және есе қайтаруға тырысатындығы жасырын емес. Яғни біздің жігіттерге оңай болмайды.
  
Сіздер матч трансляциясын жексенбі күні, 19 ақпанда, Астана уақытымен 20:30-да «Қазспорт» телеарнасынан, сондай-ақ ВТБ Бірыңғай лигасы сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»