«Астана» Атыраудың «АМУ Барыстары» командасын ойсырата ұтты

10.10.2018, 22:00    Оқылғаны: 442
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Баскетболдан Қазақстан Республикасының XXVII чемпионаты 9 қазан күні Астанада басталды. «Астана» президенттік клубы өз алаңында Қазақстан Ұлттық лигасына биыл ғана қосылған Атыраудың «АМУ Барыстары» командасын қабылдады.

Елордада «Астана» президенттік баскетбол клубы мен Атыраудың «АМУ Барыстары» командасы арасындағы ойындар аяқталды. Екі күнгі кездесуде де елорда клубы айқын басымдықпен жеңіске жетті (102:35 және 102:53).
 

«Бұл біздің жаңа ойыншыларымыз бен жастарымыз үшін өз әлеуеттерін тексеретін және мүмкіндіктерін паш ететін ойын болды. Қарсыласымыз намысты қолдан бермеуге тырысты деп ойлаймын. Енді біздің ойыншыларымыздың басқа ойындарда өздерін қалай көрсететіндерін көреміз», — деді матчтардан кейін «Астан» клубының жаттықтырушысы Ренатас Курилионокас.

Біздің команда келесі ойынын түзде өткізеді. 13 қазан күні елорда баскетболшылары Беларусь астанасына аттанады. Онда «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында жергілікті «Цмоки Минск» баскетбол клубымен додаға түседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»