«Астана» Ұлттық лиганың атыраулық жаңа командасын қабылдайды

08.10.2018, 13:00    Оқылғаны: 226
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
9 және 10 қазан күндері Астанада баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы 2018/2019 жылдар маусымының алғашқы екі ойыны өтеді.

«Астана» өз алаңында «АМУ Атырау Барыстары» командасын қабылдайды. Осы ретте айта кетейік, «АМУ Атырау Барыстары» деп аталатын жастар командасы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы додасына бірінші рет қатысқалы отыр.

Екі ойын да республикалық «Сарыарқа» велотрегі залында өтеді. Ойындардың басталуы – 9 қазан күні сағат 19:30-да, ал 10 қазанда сағат 19.30-да. Матчтарға кіру тегін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»