«Астана» Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдайды

04.10.2018, 08:00    Оқылғаны: 64
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Жексенбі күні, 7 қазанда, «Астана» президенттік баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионатының жаңа маусымдағы алғашқы ойынын өткізіп, Мәскеу қаласының ЦСКА командасымен кездеседі.
 

Жалпы, «Астана» әскерилер клубымен 16 кездесу өткізген, алайда оның бәрі де Мәскеу клубының жеңісімен аяқталған болатын. Соңғы матч 2017 жылы 25 желтоқсанда ЦСКА баскетболшыларының алаңында өткен.

«Астана» БК бас бапкері — Эмиль Райкович: »ВТБ Бірыңғай лигасының ойындар күнтізбесі біз үшін үлкен сынақпен басталғалы тұр, маусымды өте азулы командалармен бастаймыз. Бірінші ойынды тіпті Мәскеудің ЦСКА командасымен өткіземіз. Әрине, азулы командамен ойнап, біз тез жетіле түсеміз. Мен жігіттеріміздің Литвадағы жаттығу жиынында қалай тер төккендерін көрдім, енді олардың әрқайсысының жерге қаратпайтындарын білемін және сенімдімін деп айта аламын. Барлықтарыңызды осы ойынға шақырамыз, біз жанкүйерлеріміз қолдау көрсетеді деп үміттенеміз».

Матч 7 қазан күні «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді, басталуы – Астана уақытымен 14:00-да. Билеттердің онлайн сатылымы –
Ticketon.kz сайтында.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасында жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.