БАҚ күніне және команданың тұсаукесеріне шақыру

28.09.2018, 12:00    Оқылғаны: 486
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Құрметті журналистер, блогерлер және жанкүйерлер!
 
Сейсенбі күні, 2 қазанда сағат 15:00-де, «Сары-Арқа» велотрегінде «Астана» баскетбол клубының жаңа 2018/2019 жылдар маусымының басталуына арналған дәстүрлі медиа-шарасы өтеді.

Аталған шара аясында «Астана» баскетбол клубы ойыншыларының және бас бапкері Эмиль Райковичтің қатысуымен баспасөз жиынын, қолтаңба алу рәсімін және кофе-брейк өткізу жоспарланып отыр.

Шара кестесі:
  • 15:00 – 15:30: «Астана» ПКСК бас директоры Асқар Баталовтың, «Астана» ПБК бас менеджері Валерий Тихоненконың, «Астана» ПБК бас бапкері Эмиль Райковичтің және капитаны Рустам Ерғалидың қатысуымен баспасөз жиыны.
  • 16.00 – 17:00: Ойыншылармен бірге шәй ішіп, тілдесу.
БАҚ өкілдерінен қызметтік байланыс деректерін төмендегі электронды мекенжайға жіберулерін өтінеміз: pr@pbcastana.kz. Байланысушы тұлға – пресс-атташе Әсем Міржекеева, тел. +7-705-107-98-40
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»