Джалил Обрайн «Астана» сапын толықтырды!

06.08.2018, 15:00    Оқылғаны: 251
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Америкалық шабуылшы Джалил Обрайн (26 жаста, бойы 201 см.) «Астана» ПБК-ымен бір жылдық келісімшартқа отырды.

Бұл Джалилдің АҚШ-тан тыс, шет елде бірінші рет өнер көрсетуі болады. Сан Диего (Калифорния штаты) тумасы Юта және Сан Диего колледждерінің намысын қорғаған. Обрайн кәсіби карьерасын «Юта Джаздың» фарм-клубы – «Солт Лейк Сити Старз» командасында бастаған (G-лига). 2016 жылы «Юта Джаз» командасының негізгі құрамымен келісімшартқа отырған. 2017/2018 маусымын «Аква Калиентэ Клипперс» командасында өткізді.

«Астана» клубының бас бапкері Эмиль Райкович:
– Джэй Джэй сегіз қырлы ойыншы, ол алаңда бәрін де істей алады деуге болады. Алаңда ол үш бірдей шепті жаба алады, яғни шабуылдаушы қорғаушы, жеңіл және ауыр шабуылшылар міндетін атқарды. Оны шабуылда ойнатып, миссматчтарда басымдық танытуға болады деп үміттенемін. Оның командалық баскетболдағы ойыны мен серіктеріне пас беріп отыра алатындығы бізге көп пайда келтіреді, оған сенімдімін.