«Астана» кезекті жаңа ойыншысы – Джеффри Гроселл!

02.08.2018, 20:00    Оқылғаны: 690
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Америкалық орталық шеп ойыншысы ​Джэффри Гроселл (25 жас, 212 см. 112 келі) Астана» ПБК 2018/2019 жылдар маусымына бір жылдық келісімшартқа отырды.

Бұған дейінгі екі маусымды орталық шептегі ойыншы Бундеслигада өткізген, ондағы бір ойындағы орташа көрсеткіштері – 10.2 ұпай, 6.2 рет доп қақшып алған және 2 мәрте тосқауыл қойған.

«Астана» клубының бас бапкері Эмиль Райкович:
– Джеффри өзінің еңгерзедей денесіне қарамай, мейілінше жылдам және ширақ – ойыншы. Онымен пик энд роллдар қолдану өте тиімді, ол шығыршыққа теріс қарап тұрып та, жақсы ойнайды. Неміс лигасында екі маусым қатарынан ойнап шығып, өте сенімді орталық ойыншы екенін көрсете білді. Әрі оның өте азулы Крейтон университеті командасының түлегі екені де, елеусіз фактор емес!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»