Энтони Клеммонс «Астана» сапында қалады!

12.07.2018, 14:00    Оқылғаны: 765
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ПБК және жиырма төрт жастағы америкалық қорғаушы Энтони Клеммонс еңбек келісімін ұзарту жөнінде өзара ымыраға келді.

Өткен маусымда, ВТБ лигасында, Энтони орта есеппен әр ойында 25 минуттан өткізіп, 11,3 ұпай еншілеп және 3,1 нәтижелі пас беріп отырды.

Энтони келісімшартты ұзарту жөнінде өз пікірімен бөлісті:
«Мен өте қуаныштымын, клуб маған сенім артып отыр, «Астанада» іждағатпен қаламын. Өз тарапымнан шүмектетіп тер төгіп, клубтың алға қойған мақсаттарының бәріне жетуі үшін қолымнан келгеннің бәрін істеуге тырысамын».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»