ВТБ Бірыңғай лигасының 2018/2019 маусымындағы ойындары күнтізбесі бекітілді

01.09.2018, 08:00    Оқылғаны: 847
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019 жылдар маусымындағы кезекті чемпионатының ойындары күнтізбесін бекітті. Жыл сайынғы маусым 2018 жылғы 5 қазанда басталып, 2019 жылғы 28 сәуір күні аяқталады.

Биылғы додаға қатысатын 14 команда екі айналымдық жүйемен бір-бірімен кездесіп шығады (үйде және түзде). Жыл сайынғы чемпионат қорытындысы бойынша Лиганың 8 үздік командасы плей-офф сатысында бақ сынау құқығына ие болады. Жеңімпаз плей-офф ойындары жүйесімен анықталады. Барлық жұптардағы матчтар 2-2-1 үлгісі негізінде үш жеңіске дейін созылады.   

ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионатының ойындары күнтізбесі біздің сайтымыздың Доп додалары бөлімінде жарияланған. Бірден ескерте кетейік, ойындар күнтізбесінде өзгерістер болуы мүмкін, себебі Лигадағы кейбір командалар Еурокубок додаларына қатысады.

— Ойындар күнтізбесін түзу барысында Лига барлық клубтардың мүдделерін ескеріп, ойындар күнтізбесін мейілінше үйлестіруге тырысты, – деп атап өтті, Лиганың бас директоры Илона Корстин– Сонымен қатар, FIBA күнтізбесіндегі ұлттық құрамаларға бөлінген бос күндерді де ескеру қажет болды. Биыл Лигада 14 команда додаға түседі, яғни ойындар саны арта түсті. Әйтсе де, 16-17 ақпан күндері ВТБ Лигасының дәстүрге айналған Жұлдыздары матчын өткізуге мүмкіндігіміз бар. Ал маусым «Локомотив-Кубань» пен «Зенит» арасындағы азулы командалардың тартысты ойынымен басталады. Бұл кездесу 5 қазан күні Краснодарда өтеді. Өте қызықты болатынына сенімдімін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»