«Астана» бас бапкердің көмекшісі Ренатас Курилионокиспен еңбек келісімін ұзартты 

11.07.2018, 14:00    Оқылғаны: 699
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
2016/2017 жылдар маусымында Илияс Папатеодорудың жаттықтырушылары құрамына еніп, одан кейін 2017/2018 жылдар маусымында Костас Флеваракиспен және Михаил Карпенкомен бірге жұмыс істеп, Ренатас Курилионокис Қазақстан құрамасының бас бапкері болып бекітілген.

Жас маманды биыл да қарбалас жұмыстар күтіп тұр. Енді 10 күннен кейін Steppen Wolves – ерлер арасындағы Ұлттық құраманың кезекті жаттығу жиынын бастауы керек. Ол осы аралықтағы аз ғана үзілісті пайдаланып, өз елі Литвада рухын көтеріп жатыр.

Ренатас клубтың баспасөз қызметіне өз пікірін білдірді:

«Валерий Алексейұлының клубтағы жұмысымды одан әрі жалғастыру жөніндегі ұсынысын ілтипатпен қабыл алдым. Астанада бәрі маған ұнайды. Екі жыл ішінде мен ВТБ лигасын әжептәуір зерделеп, біліп алдым. «Астана» ПБК кеңсесімен қарым-қатынасым жақсы, барлық ойыншыларды жақсы білемін, сондықтан клубта маған – өте жайлы. Команданы жетілдіре түсуге өз үлесімді одан әрі қоса алатыныма қуаныштымын. Жеке басыма, өз алдыма қойған мақсатым – өзімді жетілдіре түсу және үлкендерден тәлім-тәрбие алу. Жаңа бас бапкер Эмиль Райковичке келер болсақ,мен оның жетекшілік етуімен жұмыс істеуге асықпын. Югославия мектебі – өте әйгілі. Даңқты, есімдері көпшіліке мәлім жаттықтырушылары көп, бұл ретте өзім қадір тұтатын Желько Обрадович пен Саша Обрадовичті де атап өтуге болады. Маусымның басталуын шыдамсыздана күтіп жүрмін!».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»