Астана» баскетболшылары – Қазақстанның алты дүркін чемпиондары

06.05.2018, 12:05    Оқылғаны: 1287
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Еліміздің ең үздік клубы атағына төл чемпионатымыздағы бітіспес командалар таласты – «Астана» және «Атырау Барыстары».

«Астана» баскетбол клубы финалдық кезеңдегі үш ойында да айқын басымдықпен жеңіске жетіп, баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді. Үшінші ойында елорда ерлері түзде ойнап, 54:80 есебімен басым түсті.
 
Матчтың ең үздік ойыншысы Антон Пономарев болды, ол 22 ұпай еншіледі. Джастин Картер команда қоржынына 15 ұпай салды.
Күміс жүлде «Атырау Барыстары» командасына бұйырып, қола жүлдеге шектен тыс тартысты өткен додада Қостанайдың «Тобылы» ие болды.


Шешуші ойындар аяқталысымен, әдеттегідей, Қазақстан чемпионатының ең үздік бес оййншысы анықталды:
Үздік ойын үйлестіруші – Азим Ягодкин (Каспий, Ақтау)
Үздік шабуыдаушы қорғаушы – Джон Тэйлор (Атырау Барыстары)
Үздік жеңіл шабуылшы – Анатолий Колесников (Астана)
Үздік ауыр шабуылшы – Да Кван Кук (Атырау Барыстары)
Үздік орталық шептегі ойыншы – Антон Быков (Тобыл, Қостанай)

Маусымның қорытындысын шығра отырып, биылғы жыл «Астана» үшін сәтсіз болған жоқ деуге болады. «Астана» баскетболшылары алтыншы рет ел чемпионы атанды. Наурыз айында 2018 жылғы Қазақстан кубогын жеңіп алды.
«Астананың» бас бапкері Михаил Карпенко чемпионатты қорытындылап шықты:


- Ойынның есебіне қарап, бұл кездесуде жеңіске жету оңай болғандай көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде мүлде олай емес. Біз қорғанысқа көңіл бөліп, шығыршықтан қайтқан допты қақшып және қарсыласымыздың доптарын қағып алған соң тез шабуылға көшу тактикасын ұстандық. Әрі осы қарқынымызды матчтың басынан аяғына дейін бәсеңдетпеуге тырыстық. Кездесудің бірінші жартысында «Барыстардың» күш-жігері бізбен тайталасуға және бізді тым алысқа ұзатпауға, тіпті кейде таразы басын мейілінше қысқартуға жеткенімен, матчтың екінші бөлігінде біздің тактикамыздан нәтиже шығып, қарсыласымыз ентігіп қалды. Сөйтіп, біз бұл ойында өз басымдығымызды ұлғайта түстік.
Барлық ойыншыларға, жаттықтырушылар құрамына тегістей, медицина қызметкерлеріне, клуб басшыларына, клубымыздың әкімшілігіне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Өйткені бұл жеңіс – бәрімізге ортақ. Маусым бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді.         
 
Біз – чемпионбыз, біз – Қазақстандағы ең үздік ұжымбыз, мұна кезекті рет дәлелдеп отырмыз. Маусым біз үшін әлі аяқталған жоқ. Біз ВТБ лигасындағы ойындарымызды жалғастырамыз. Әзірше мүмкіндігіміз бар да, біз аянбай, соңына дейін тайталасамыз.
Жігітерімізге сәттілік тілеп, ҚР Ұлттық лигасындағы чемпиондық атақтарымен тағы да құттықтаймыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»