«Астана» баскетболшылары Атырауға аттанды

04.05.2018, 13:00    Оқылғаны: 545
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетбол командасы Атырауға ұшып кетті. Онда 5 және 6 мамыр күндері Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасында финалдық ойындар жалғасады.
 
Финалдық доданың бұған дейінгі екі ойыны Астанада өтіп, екеуінде де астаналықтар жеңіске жеткен болатын (92:69; 96:79).

Батысқа жол жүрерде бас бапкер Михаил Карпенко алдағы кездесу жайлы өз ойымен бөлісті:
- Атырауға барып, түзде додаға түсеміз. Финалдық доданы өз жеңісімізбен аяқтау үшін бізге бір ойын да жеткілікті болады деп, үміттенемін және сенемін, әрине. «Барыстардың» жағдайы белгілі, оларға шегінерге жол жоқ, ұтылып қалса, финалда жеңіске жету мүмкіндігінен түпкілікті айырылады. Сондықтан қарсыласымыз аянбай ойнап, иық тіресе тайталасып, бар күшін салады деп ойлаймыз. Әйтсе де, біздің команда да табан тіресе додаға түсіп, ойыншыларымыз биыл да Қазақстандағы ең үздік клуб екендігін дәлелдеуге сақадай-сай. Команда дайын, шешуші ойындарға сенімді көңіл-күйде аттанып барамыз. Әрі ертеңгі ойында тек қана жеңіс үшін жанталасып, өрнекті ойын үлгісін көрсетуге тырысамыз.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойындар Атырауда, «Авангард» ДСК-інде өтеді. Ойындар Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Матч трансляциясын pbcastana.kz клуб сайтынан және nbf.kz баскетбол федерациясы сайтынан көре аласыздар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»